Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер автожолдарды тексерді

Ақтөбе облысында автожолдардың жағдайына жауапты тұлғалар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға жауапты мамандармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жолдардың жай-күйіне арналған күзгі кешенді тексеріс жүргізді.

Тексеру барысында жол жамылғысындағы көптеген ақаулар анықталды. Атап айтқанда жол төсеміндегі шұңқырлар, зақымданған жол белгілері, су өткізу құбырлары мен көпірлердің апатты жағдайы тіркелді.

Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұйымдарға нұсқамалар берілді.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 1913 тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде 1668 нұсқама берілген. Сонымен қатар жолдарды күтіп ұстау талаптарын бұзғаны үшін 256 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру