Ақтөбеде полицейлер азаматтығы жоқ әйелге алғашқы төлқұжатын тапсырды
Ақтөбеде полицейлер азаматтығы жоқ әйелге алғашқы төлқұжатын тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Надежда Болатова 1977 жылы Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында тұрады. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақстанға көшіп келген. Алайда келгеннен кейін құжаттарын жоғалтып алып, бірнеше жыл оларды қалпына келтіре алмаған.
2024 жылдың шілдесінде Надежда Ақтөбе қаласы №4 қалалық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне құжаттарын қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінген. Полиция қызметкерлері осы мәселе бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп, 2025 жылдың қаңтарында Н.Болатованың құжаттарын қалпына келтіріп, оған азаматтығы жоқ адамның паспортын тапсырды.
Құжатын қолына алып, ерекше толқыныс сезімінде болған тұрғын полицейлерге алғыс айтты.
- Өмірім жаңадан басталды. Қуанышымда шек жоқ. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін, - деді ол.