Ақтөбеде полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды
Ақтөбеде полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың түрлі өмірлік жағдайларда саналы әрі қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған кезекті қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Қауіпсіздік сабақтары балаларға тек нақты өмірде ғана емес, сондай-ақ онлайн кеңістікте де дұрыс әрекет ету жолдарын түсінуге көмектеседі. Бағдарлама жолда қауіпсіз жүру ережелерінен бастап, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас, киберқауіпсіздік негіздері және жоғары сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылыққа дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.
Мұндай сабақтардың басты мақсаты — оқушылардың өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және түрлі қауіпті жағдайлардың алдын алу.
Полиция жасөспірімдерге жолдағы қауіпсіздік ережелерін, киберқауіпсіздік жайлы білудің маңызы зор екенін еске салады.
