Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер студенттік жатақханаларда рейд өткізді

Ақтөбеде полицейлер студенттік жатақханаларда рейд өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) қызметкерлері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесіп, студенттер тұратын жатақханаларда рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейдтің негізгі мақсаты — жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жатақханаларда тұру және тәртіп сақтау ережелерінің орындалуын бақылау.

Іс-шара барысында полицейлер студенттермен әңгімелесіп, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы еске салды, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттерге тартылу қаупі жөнінде ескертті.

Ерекше назар қауіпсіздік мәселелеріне, есірткі заттарының таралуына жол бермеу, деструктивті топтарға және құмар ойындарға қатысудың алдын алуға аударылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері топ кураторларымен және жатақхана коменданттарымен кездесіп, тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірлескен шараларды талқылады.

Профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғасын табады..

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру