Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер ұстаздарын мерекемен құттықтады

Ақтөбе облысының полиция департаментінде Мұғалімдер күніне орай салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шарада "Жас сақшы" сыныптарының оқушылары мен олардың ұстаздары, сондай-ақ қызметтік борышын өтеу барысында ерлік көрсеткен полицейлер төбе көрсетті.

Қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның ерекше сәттерінің бірі – ерлік көрсеткен полицейлердің ұстаздарға деген ризашылығы мен құрметінің белгісі ретінде Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіповтің атынан алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Полиция департаменті ұстаздарға өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен болашақ құқық қорғаушыларды қалыптастырудағы баға жетпес еңбектері үшін зор алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру