Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер заңсыз айналымнан 300 дозадан астам «синтетика» тәркіледі

Ақтөбеде полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Ақтөбе қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Тінту барысында автокөліктен спорттық рюкзак табылды, оның ішінде ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет және сары түсті жабысқақ ленталар, 100 zip-пакет және электронды таразы болды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 119 грамнан асатын мефедрон болып шықты. Бұдан әрі тергеу іс-қимылдары барысында ұсталған адам орман алқабында 25 дана көлемінде ұнтақ зат салынған түйіншек қойылған орындарды көрсетті. Полицейлер 300 дозадан астам синтетикалық есірткінің айналымын тоқтатты. Жиналған дәлелдемелер жиынтығымен күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру