Ақтөбеде полицейлер жол ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады
Ақтөбеде полицейлер жол ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 желтоқсанда Ақтөбеде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады.
Тәртіп сақшылары шетелдік есепте тұрған Toyota Camry автокөлігін Әлия Молдағұлова даңғылы мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысында тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізуші соңғы 6 ай ішінде жылдамдық режимін 13 рет бұзғаны анықталды.
Жол қауіпсіздігіне бейжай қарап, белгіленген жылдамдыққа бағынбаған жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Ақтөбелік жүргізуші барлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция шетелдік есептегі көлікті басқару ережеге ортақ бағынушылық пен заңды жауапкершіліктен босатпайтынын еске салады. Заң мен тәртіпті сақтау – ортақ міндет.
