Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полициясы 10-нан астам такси жүргізушісін алдаған күдіктіні ұстады 

Ақтөбе полициясы 10-нан астам такси жүргізушісін алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында бірнеше такси жүргізушісінің алаяққа алдануы дерегі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті жігітті анықтап, Жаңаөзен қаласынан ұстады.

Тергеп-тексеру кезінде күдікті қылмыстық схемасын танымал InDrive қосымшасын пайдаланып жүзеге асырғаны анықталды. Ол такси жүргізушілерін осы қосымша арқылы тауып, WhatsApp мессенжерінде байланысқан. Клиенттің атын жамылған жігіт хат жазысу барысында қолма-қол ақшасының бар екеніне сендіріп, такси жүргізушілерін өз ақшасына супермаркеттерден азық-түлік жеткізіп беруге және өзі жіберген телефон нөміріне ақша аударуға көндірген. Сенімді көріну үшін қажетті азық-түліктің тізімін де жолдап, тапсырысты мекенжайға жеткізген соң, барлық шығынды қолма-қол өтейтінін айтқан.

Жәбірленушілер азық-түлікті сатып алып, «тапсырыс берушінің» жіберген телефон нөміріне ақша аударғаннан кейін, жігіт оларды бұғаттап, байланысқа шығуды бірден тоқтатқан. 10 такси жүргізушіге келтірілген шығын көлемі 11 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру