Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция ардагерлері "Жас сақшы" сыныбының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді

Ақтөбе қаласындағы №13 мектептің Руслан Жолдыбаев атындағы "Жас сақшы" сыныбының тәрбиеленушілері полиция ардагерлерімен тағылымды кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара – шынайы ерлік пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі болды.

Кездесу барысында ішкі істер органдарының ардагерлері қызмет жолындағы қызықты әрі күрделі сәттерден сыр шертті. Олар жас буынға полиция қызметінің тек батылдықты ғана емес, сонымен қатар адалдық, төзімділік пен жоғары жауапкершілікті талап ететінін ерекше атап өтті.

– Осындай кездесулер арқылы біз жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті, елге құрмет пен адалдық сезімін дарытуды мақсат етеміз. Ең бастысы – халықтың тыныштығы мен сенімі. Осы сенімді ақтау – әрбір полиция қызметкерінің қасиетті борышы, – деді ішкі істер органдарының ардагері Төлеу Нұрбай.

Жас сақшылар ардагерлерге әсерлі әңгімелері мен жылы лебіздері үшін алғыстарын білдіріп, олардың өмірлік жолы мен қызметтегі ерліктерінен үлгі алатындарын жеткізді.

Мұндай кездесулер жас буынның бойында заңға құрмет сезімін қалыптастырып, ел қауіпсіздігін қорғау ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы, сондай-ақ қызмет бабында қаза тапқан Руслан Жолдыбаевтың есімі – жас ұрпақ үшін ерлік пен адалдықтың мәңгілік үлгісі болып қала бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру