Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция колледж студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін талқылады

Ақтөбеде полиция  колледж студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетте қала колледждерінің студенттерімен кездесу өткізді, оған облыстық білім басқармасының орынбасары Дина Жаманбаева және облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев қатысты.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға бағытталған еркін форматтағы әңгімелесу өтті. Сондай-ақ кездесу барысында жастар үшін өмірлік мүмкіндіктерді арттыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, олардың дербес қызметіне қойылатын талаптарды жасауға бағытталған жалпы алдын алу шараларын іске асыру қажеттілігі талқыланды. Іс-шара барысында студенттер үшін бос уақытты дұрыс өткізу және оң көзқарас ұсыныстары мен танымдық бейнероликтер көрсетілді.

– Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпақты тәрбиелеумен ұштастырылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас ұрпақ ертең елдің болашағын құратын ұрпақ болады, тізгінді өз қолына алады, – деп атап өтті облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Жасөспірімдер қылмысы мәселесі әрқашан өзекті болып қала береді. Мәселеге әсер ететін негізгі себептер, ата-аналардың отбасындағы тәрбие процесінен алшақтауы және интернет-контенттің теріс әсері. Қорқыту жағдайларының көбеюі үлкен алаңдаушылық тудырады.
Сонымен қатар жасөспірімдердің өздерін көрсетуі кәмелетке толмағандар арасындағы криминогендік жағдайдың нашарлауына әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру