Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция күзгі демалыс кезінде балаларға бақылауды күшейтті

Ақтөбеде полиция күзгі демалыс кезінде балаларға бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында "Демалыс" жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.

Шараның бір күнінің қорытындысы бойынша 11 ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды өз мекемесіне кіргізгені үшін 8 ойын-сауық орнының иесіне шара қолданылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында 21 жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатқан 3 сатушы анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың 3 ұсақ бұзақылық және 3 алкогольдік ішімдік ішу дерегі тіркелді.

Түнгі уақытта ересектердің ілесуінсіз жүрген 65 жасөспірімнің ата-анасы да жауапкершілікке тартылды. Ал тұрмыстық жағдайы қолайсыз екі бала уақытша "Үміт" балалар үйіне орналастырылды. Бұған қоса, 17 жасөспірім мен 8 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертеді.

- Балаларды бақылау, тәрбиелеу және оларға қамқорлық көрсету — әр ата-ананың басты міндеті. Балаларыңызға мұқият болыңыздар, көбірек уақыт бөліңіздер және олардың құқық бұзушылыққа баруына жол бермеңіздер! — деп атап өтті облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру