Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция мас күйде көлік тізгіндеген такси жүргізушісін ұстады

Ақтөбеде полиция мас күйде көлік тізгіндеген такси жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында осы жылдың 15 қазанында сағат 03:00 шамасында Шернияз көшесі бойында Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 56 жастағы такси жүргізушісінің жай-күйі тәртіп сақшыларына күмән тудырды. Жүргізілген  медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті.

Сот шешімімен құқық бұзушы жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 21 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам қаза тапты, 20-дан астам адам түрлі жарақаттар алды. 

Аталған іс-шараның бірінші күні полицейлермен 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тиісті тіркеусіз заңсыз тасымалдаудың 12 фактісі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 33, жылдамдықты асырудың –12 және такси жүргізушісінің мас күйде  көлік  басқаруының 1 фактісі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру