Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция қатаң тыйым салынған дәрі-дәрмектерді рецептсіз сату дерегін анықтады

Ақтөбе облысында полицейлер қатаң тыйым салынған дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада рецептсіз сату дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурасының үйлестіруімен «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел іс-шаралар өткізу барысында Қандыағаш қаласында дәрігердің тағайындауынсыз бөлшек саудада сатуға қатаң тыйым салынған дәрі-дәрмектерді рецептсіз сату дерегін анықтады.

Дәріханадан 15 ампула мен 6 трамадол таблеткалары тәркіленді.

Есірткі заттары, психотроптық заттар және олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Трамадол – бұл ауырсынуды жеңілдету үшін онкологиялық науқастарға тағайындалатын синтетикалық опиат. Оны дұрыс емес дозалау нәтижесі – есірткіге мас болу және тез тәуелділікке алып келеді. Препаратты қабылдау галлюцинация, депрессиялық жағдайлар немесе керісінше эйфория күйі сияқты жағдайларды тудырады. Нәтижесінде есірткіге тәуелді адам параличке, аяқ-қолдың ампутациясына, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына және басқа да ауыр зардаптарға ұшырауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру