Ақтөбеде полиция қауіпті жүргізушілерді анықтады
Ақтөбеде полиция қауіпті жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін елемейтін өрескел заң бұзушыларды анықтады. Олар үшін қызыл жарық, жылдамдықты асыру немесе қарсы бағытқа шығу — үйреншікті әрекетке айналғандай. Алайда жол мұндай қателіктерді кешірмейді.
"Қорғау" жүйесі мен қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камералары арқылы полицейлер екі ай ішінде 45 рет жол ережесін бұзған жетелде тіркеудегі Toyota автокөлігінің жүргізушісін анықтады.
Ал Volvo автокөлігінің жүргізушісі 29 бұзушылық жасап, заңды аттап өткен.
Алайда ең қорқыныштысы — бұл сандар емес. Осындай жүргізушілер жазықсыз адамдардың өміріне өрескел қауіп төндіреді.
Әрбір жол ережесін бұзу — жай ғана статистика емес. Бұл — біреудің аяқталмаған қадамы, біреудің үйіне жете алмаған сәті, біреудің үзіліп қалған өмірі. Жол ережелері қара сиямен емес — қанмен жазылады. Рульге отырған әр адам мұны есте сақтауға тиіс.
Полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатқанын еске салады.
