Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция қызметін бейнелейтін фотокөрме өтті

Ақтөбеде полиция қызметін бейнелейтін фотокөрме өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласындағы "Керуен Сити" ойын-сауық орталығында полиция қызметінің қыр-сырын көрсететін "Заң мен Тәртіп" атты фотокөрме өтті.

Көрме экспозициясына құқық қорғау саласының түрлі бағытындағы сәттерді қамтыған әсерлі фотожұмыстар қойылды.

Суреттерде полицейлердің қызметтік міндетін атқару барысындағы шынайы өмір көріністері мен олардың табандылығы айқын көрінеді. Фотокөрме қонақтарына Ұлттық ұлан оркестрінің орындауындағы әуендер ерекше әсер сыйлады.

Шараға ересектермен қатар балалар мен жастар да қатысып, полицейлердің еңбегімен жақынырақ танысты.

Аталған көрмеге "Жас сақшы" сыныбының оқушылары да келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа әсер алды.

– Бұл фотокөрме арқылы полиция қызметінің жауапкершілігі мен маңызын түсіндік. Суреттерден олардың батылдығы мен адалдығы байқалады. Мұндай іс-шаралар жастарға үлгі әрі шабыт береді, – деді көрермендердің бірі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің негізгі мақсаты – қоғам мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайту және тәртіп сақшыларының оң имиджін қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру