Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция қызметкері Бүркіт Сатаевты еске алуға арналған ерлік сабағы өтті

Ақтөбеде полиция қызметкері Бүркіт Сатаевты еске алуға арналған ерлік сабағы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық музейлер күні қарсаңындаАқтөбе облысы полиция департаментінде арнайы бөлімше қызметкері полиция майоры Бүркіт Сатаевты еске алуға арналған ерлік сабағы өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары батырдың жұбайы мен ұлы  Гүлсім Жилқаева мен Айдос Сатаев, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері, "Жас сақшы" кадет класының оқушылары және әріптестері қатысты.

Арнайы мақсаттағы бөлімше командирі Бүркіт Сатаев 2011 жылы Темір ауданында діни экстремистерді ұстау арнайы операциясы барысында жараланды. Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ол II дәрежелі "Айбын" медалімен марапатталды. 2014 жылы Бүркіт жол апатынан қайтыс болды.

Батырды құрметтеу және есте сақтау мақсатында оның жұбайы Гүлсім Жылқаева Полиция департаментінің мұражайына жеке заттарын, грамоталарын және Бүркіт Сатаевтың салтанатты формасын сыйға тартты.

Полиция басшылығы қайтыс болған қызметкерге қатысты естелікті сақтағаны үшін отбасына үлкен алғысын білдірді. Мұндай іс-шаралар жас қызметкерлер мен кадеттер үшін олардың бойында патриоттық сезімін, мамандыққа деген құрмет пен Отанға қызмет етуге дайындығын қалыптастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру