Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция жеті көліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Ақтөбеде полиция жеті көліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығын ашу бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында 23 жастағы жігітті ұстады. Күдікті түнде құлыпты бұзу және әйнектерді сындыру арқылы көліктерден ұрлық жасаған. Күдіктінің жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жігіт телефондар мен қолма-қол ақшаны иеленіп отырған. 

Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді. Автокөлік иелеріне келтірілген залал есептелуде.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру