Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуде

Ақтөбеде полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаменті қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологияларды белсенді түрде енгізуде. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту бағытындағы тиімді тәсілдердің бірі – ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері облыстың қала сыртындағы автожолдарында дрондардың көмегімен жол қозғалысын бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтап, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуде. Аэроқадағалау жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпті маневр жасау және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де өрескел құқық бұзушылықтарды дер кезінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Жамбыл Нұралиевтің айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

— Біздің негізгі міндетіміз – адам өмірін қорғау. Заманауи технологиялар құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, жол қауіпсіздігінің басты кепілі – әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі, — деді ол.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, тиісті арақашықтықты ұстануға және көлік басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырады. Жауапты мінез-құлық – өз өміріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің негізі.

Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет. Тек бірлескен күш-жігер арқылы өңір жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру