Ақтөбеде полиция жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздеуде
Ақтөбеде полиция жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 3 қазанда сағат 19.40-та алдын ала болжам бойынша «Hyundai» маркалы автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласында Ораз Тәтеұлы мен Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында балаларды қағып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетпестен, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Аталған жол-көлік оқиғасының куәгерлері жедел жәрдем мен полицияны шақырған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ЖКО кінәлісін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Кәмелетке толмаған екі бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Полиция департаменті осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен «102» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.