Ақтөбеде пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандардың төлқұжатын алып берді
Ақтөбеде пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандардың төлқұжатын алып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған А және П., жеке басын куәландыратын құжаттарын пробация есебіне алынбай тұрып белгісіз жағдайда жоғалтқан. Осыған байланысты аталған пробация қызметкерлері пробация есебінде тұрған 2 сотталғанға жедел түрде жаңа төлқұжаттарын алуға әлеуметтік-құқықтық тұрғыда көмек көрсетіп, мемлекеттік баж салығын төледі.
Айта кету керек, Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің есебіне алынған күннен бастап, аталған сотталғандардың жағдайын оңалту мақсатында пробация қызметкерлерімен психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек беру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілген.