Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген азаматтар құрықталды
Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген азаматтар құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілдеде жедел басқару орталығының «102» телефонына металл қабылдау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Күзетшінің айтуынша, бетперде киген үш белгісіз жігіт контейнердің әйнегін сындырып, ішке кіріп, оны байлап тастаған. Осыдан кейін олар 700 мың теңге сомасындағы ақшаны ашық түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел іс-шаралар өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Хромтау қаласының тұрғындарын ұстады. Күдіктілер кінəсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.