Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері түзеу мекемесіне белгісіз зат лақтырған азаматты ұстады

Жергілікті уақыт 21:10 шамасында КА-168/2 мекемесі қызметкерлерінің жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесінің сыртқы жағынан қоршау арқылы белгісіз зат лақтырмақ болған күдікті азамат анықталып, ұсталды. ҚАЖ қызметкерлерімен ұсталған азаматтың тұлғасын анықтау барысында, оның Д.Д. есімді Ақтөбе қаласының азаматы екені, сондай-ақ бұған дейін КА-168/2 мекемесінің қоршауы арқылы тыйым салынған заттарды бірнеше рет лақтыруға қатысы болғандығы анықталды.

Аталған азаматты тексеру кезінде одан қара түсті орамаға оралған ұялы телефон тәркіленді және ол бұрын сотты болғанын, қазіргі уақытта жұмыссыз екендігін жасырмады. Сондай-ақ, азамат Д.Д. мекеме қызметкерлеріне өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын, яғни кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты.

Одан әрі істі қарау кезінде азамат Д.Д. жазбаша түсініктемесінде негізгі қоршау арқылы лақтырмақ болған заттарды түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғанға жеткізбек болғанын мойындады.

Аталған дерек бойынша азамат Д.Д-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы («Қылмыстық- атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») бойынша жауапкершілікке тарту туралы іс жақын күндері Ақтөбе қаласының әкімшілік сотында қаралатын болады.

Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі қызметкерлердің қызметіне кедергі келтіретін азаматтық тұлғаларды анықтау және оларды ұстау кезінде әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар жалғасын табады.

Өз кезегінде, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, тыйым салынған заттарды жеткізудің басқа да тәсілдерімен және лақтырумен айналысатын адамдар туралы қандайда бір ақпараты бар тұрғындардың назарына: Ақтөбе қаласы, Новаторов көшесі, 43 а үй мекен-жайында ақпарат беруге болатындығын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру