Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ саласындағы медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесінің медицина қызметкерлеріне аса қауіпті инфекциялар (оба, тырысқақ, маймыл шешегі) бойынша семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семинарды ҚР ДСМ СЭБ комитетінің “Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының” РММ мамандары дәрігер-бактериолог, эпидемиологтары Ерлан Сейткалиев пен Раушан Утимесова, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің МСЭҚ тобының санитариялық дәрігері Асем Мухитова өткізді.

Медицина қызметкерлері аурудың пайда болу, таралу және алдын алу туралы білімін арттырды. Сонымен қатар обаға қарсы І типтік костюмді киініп шешу туралы оқу жаттығу жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысында аса қауіпті карантиндік инфекцияларды тіркелген жағдайда аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқастарды ерте анықтау бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету желісінің медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қатысушылардың білім деңгейін анықтау жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру