Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ жүйесінде тәртіп пен қауіпсіздікті арттыру мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Нияз Рыспаев жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесінде болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іссапар аясында ол мекеменің тұрғылықты және өндірістік аймақтарын аралап, бейнебақылау жүйесінің жұмысын, сотталғандардың жазасын өтеу жағдайын және өтініштер мен шағымдарды қабылдауға арналған электрондық терминалдардың қызметін тексерді.

Сондай-ақ Нияз Рыспаев мекеме қызметкерлерімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының №6655 әскери бөлімі басшылығымен жұмыс кеңесін өткізіп, Ішкі істер министрінің бірқатар тапсырмаларын жеткізді.

– Қылмыстық-атқару жүйесінің басты міндеті – сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметтік тәртіпті нығайту. Әр қызметкер өз жұмысына адал қарап, қоғам сенімін ақтауы тиіс, – деді Нияз Рыспаев.

Сапар қорытындысы бойынша комитет төрағасының орынбасары мекеме қызметін одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру