Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері Амал мерекесін атап өтті

Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық дәстүріміздің ажырамас бөлігі саналатын Көрісу күні – адамдарды бір-біріне жақындастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің айқын көрінісі.

Осыған орай Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтті. Әріптестер қыстан аман-есен шығып, көктеммен қауышқан қуанышын бөлісіп, бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып амандасты. Сонымен қатар жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін арнады.

Көрісу күні немесе Амал мерекесі – Қазақстанның батыс өңірлерінде кеңінен сақталған көне дәстүрлердің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірінің шаңырағына арнайы барып, амандасып, "Жасың құтты болсын!", "Бір жасыңмен!" деп ақжарма тілектерін білдіреді. Егер арада өкпе-реніш болса, кешірім жасалып, ағайын-туыс пен көрші-қолаң қайта қауышып, татулық пен бірлікті нығайтады.

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл мереке қызметкерлерге ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұжым арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты арттыра түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру