Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға экскурсия ұйымдастырды
Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері есепте тұрған сотталғандар үшін қауіпсіздігі барынша төмен №9 мекемесінде экскурсия ұйымдастырды.
Аталған іс- шараға Алматы аудандық пробация қызметінің, Астана аудандық пробация қызметінің және Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қатыстырылды.
Экскурсияны бастамас бұрын, есепке алынғандар бақылау өткізу пункті арқылы жүргізілді, осы мекемеге баратын азаматтық тұлғаларды жеке тексеру қалай жүргізілетінін көрсетті, сондай-ақ жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарды ұстау орындарын көрсетіп, содан кейін серуендеу ауласын және шеру алаңын көрсетті.
Экскурсияның басты мақсаты – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерінің бас бостандығынан айыру жазасының өтеудегі айырмашылықтары туралы, сонымен қатар жаза өтеудің тәртібін бұзу салдарын түсіндіру, жаза өтеудің тәртібін бұзбауға, қайта қылмыс жасамауға шақыру.