Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері Конституция күніне орай өзара спорттық сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №70 мекемесі 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ҚАЖД қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауқымды өткен спорттық шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты аудандық, қалалық пробация қызметкерлері және департаментке бағынысты №70, №8 және №9 мекемелердегі қызметкерлерден құралған жалпы саны 6 команда қатысты.

Спорттық шараны салтанатты түрде ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Илюпов ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты да, қызық өткен ойын нәтижесінде 1-орынды №70 мекемесінен құралған команда жеңіп алса, 2-орынды №8 мекемесінен құралған команда ұтты. Ал 3-орынды №70 мекемесінің 2-ші командасы жеңіп алды. Барлық командалар департамент басшылығының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Спорттық шараға белсенді қатысқан қызметкерлер де елеусіз қалмады. «Ең үздік шабуылдаушы» номинациясына №70 мекемесінің режим және күзет бөлімнің бақылаушысы Ғасырбек Артықов ие болса, «Ең үздік қорғаушы» номинациясына №8 мекемесінің жасақ бастығы Мирас Мергенов, ал «Ең үздік қақпашы» номинациясын №70 мекемесінің режим және күзет бөлімнің бақылаушысы Әділет Мақсутов иеленді.

– Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық шара – Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымда командалық рухты көтеруге бағытталған, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру