Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоғамдық ұйымның өкілі ұландықтармен кездесті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінде ерекше кездесу өтті. "Аналар жүрегі" комитетінің өкілі Олеся Старых бөлімнің әскери қызметшілерімен кездесіп, олардың тұрмысы мен қызмет жағдайларымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара сарбаздардың моральдық-психологиялық жағдайын жақсарту және олардың қажеттіліктерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуде Олеся Старых әскери қызметшілермен қызмет және күнделікті өмір туралы сұрақтар қойып, ашық сұқбат жүргізді.

- Біздің басты міндетіміз - сіздерді қолдау, туындаған мәселелерді шешуге көмектесу, - деп атап өтті Олеся Старых.

Сарбаздар да қызмет туралы өз әсерлерімен бөлісті.

- Бізге келіп, біздің жағдайымызға қызығушылық танытқаны және бізді қолдауға дайын екендігі біз үшін маңызды, - деді қатардағы Александр Гарбажа.

"Аналар жүрегі" комитетінің өкілі сарбаздар асханасында болып, күнделікті ас мәзірімен танысты. Онда ол жауынгерлердің тамақтануының жоғары сапада екенін мәлімдеді.

Бұдан басқа, ол казармалық үй-жайларды қарап шығып, ондағы тәртіп пен тазалықтың әскери қызметшілердің толыққанды демалуына қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Аталған басқосу жас сарбаздардың қызметінде елеулі рөл атқарып, олардың Отан игілігі үшін қызмет етуге деген ынтасын арттырады. Қоғамдық ұйымдар өкілдерімен ынтымақтастық әскери қызметшілерге қолдау мен қамқорлықты сезінуге көмектеседі.

Осындай кездесулердің арқасында ұландықтар өздерін әскери ұжымның бір бөлігі ретінде сезініп, олардың қажеттіліктері мен пікірлерінің маңыздылығын айқындайды. Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулерді  әскер мен қоғам арасындағы берік байланыстарды дамытуға септігін тигізетін игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру