Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоныс колониясындағы бостандыққа шығатын сотталғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері айтылды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесіндегі бостандыққа шығатын сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейінгі мемлекеттік қолдаулар және әлеуметтік көмек түрлері түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шарада Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Ансар Жомарт №9 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, қайтарымсыз гранттар, жастарға шағын несие беру және басқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері туралы толық ақпараттар берді. Сонымен қатар кездесуде жазасын өтеушілерге жұмысқа орналасу және кәсіптік оқуға жолдамалар алу үшін тұрғылықты жеріндегі Жұмыспен қамту орталықтарына жолығуға болатындығы айтылды.

Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығының мамандары сотталған азаматтардың мекемеден босап шыққаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін атап өтті. Сол секілді “Еңбек” бағдарламасы аясында қысқа мерзімді жеңілдетілген кәсіби оқулар туралы, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, табысы төмен отбасыларға берілетін бір реттік және ай сайын берілетін ақшалай әлеуметтік көмек түрлерімен толық таныстырды.

Іс-шарада тұрақты жұмыс орындарына орналасу және әлеуметтік көмек түрлері жөнінде ақпараттандырылған жазасын өтеушілердi жұмыспен қамту бөлiмiнiң кызметкерлерi жеке-жеке кабылдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толымды жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру