Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоныс колониясындағы сотталғандар «Шектеусіз оқу» пилоттық жобасына қатысты

Ақтөбеде қоныс колониясында жазасын өтеуші сотталғандар «Шектеусіз оқу» пилоттық жобасына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан, қараша айларында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №9 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінде «Шектеусіз оқу» пилоттық жобасы ұйымдастырылып, өтті.

«Шектеусіз оқу» пилоттық жобасына №9 мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, мекеме психологы, өңірдегі қоғамдық бақылау комиссияның мүшесі және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандарынан құралған комиссия тобы төрелік етіп, ҚАЖ комитетімен әзірленген әдістемелік ұсынымда көрсетілген, яғни сотталғандардың өздері оқыған 50-ге жуық қазақтың ұлы тұлғалары мен шетел жазушыларының көркем әдебиеттерін талдауына баға берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша пилоттық жобаға қатысуға ерікті түрде ниет білдірген мекемедегі жазасын өтеп жүрген 8 сотталғанның төртеуіне ҚР ҚАК-нің 128-бабы талаптарына сәйкес алғыс түріндегі көтермелеу шарасы қолданылды.

Пилоттық жобаның мақсаты – сотталғандардың оқырмандық қызығушылығын дамыту, олардың оқу мәдениетін және оқу сауаттылығын артыруға көмек көрсету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру