Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде құбыр ұрлаған күдіктілер ұсталды

Ақтөбеде құбыр ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне кәсіпорын өкілдері «Жаңа қоныс» ТА ауданында белгісіз адамдар жұмыс істемейтін су құбыры желісінен құбырларды қазып алып, ұрлап әкеткені туралы арызданды.

Учаскелік полиция инспекторлары осы қазбаны ұйымдастырған екі адамды және арнайы техника жүргізушілерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Екі күдіктінің диаметрі 1000 мм металл құбырларды қазу, тиеу және тасымалдау үшін экскаватор, тиегіш және жүк көлігін жалдағаны анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру