Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде

Ақтөбеде құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында "Заң және Тәртіп" идеологиясы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда — тұрғын үйлердің аулаларында, әуежай мен теміржол вокзалдарында, автожолдарда — құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.

Осы бастамалар шеңберінде Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда автокөлік жүргізушілерімен кездесу өткізіп, заңсыз әрекеттердің, соның ішінде полиция қызметкерлері тарапынан орын алуы мүмкін құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Жүргізушілерге сенім телефондары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылып, мұндай фактілер туралы хабарлаудың маңыздылығы айтылды.

— Бұл шаралар полиция жұмысының ашықтығын арттырып, халықпен жедел әрі тиімді байланыс орнатуға жол ашады. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық тәртіпке белсенді араласуына, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне ықпал етеді. Шетелдік азаматтар үшін арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар да таратылды, — деп атап өтті ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ардақ Иманов.

Құрметті тұрғындар! Егер сізге қатысты немесе сіздің көзіңізше қандай да бір құқық бұзушылық (бұзақылық, ұрлық, алаяқтық және т.б.) орын алса, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне куә болсаңыз, төмендегі нөмірлерге хабарласыңыз:

"102" – полицияның жедел байланыс нөмірі
"1402" – ҚР ІІМ сенім телефоны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру