Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін 10 тергеуші марапатталды

Ақтөбеде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін 10 тергеуші марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінің құрылуының 59 жылдығын атап өтеді.

Қылмыстық іс бойынша фактілерді жинау, оларды жүйелеу және сотқа ұсыну — тергеушінің бірінші кезектегі міндеттері, оның нәтижесінде ішкі істер бөлінісінің қызметі тұтастай бағаланады.

Бүгін тергеушілер күніне орай, қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін облыс ПД бастығының құқықтарымен 10 қызметкер салтанатты түрде марапатталды және 70 қызметкерге алғыс жарияланды. Тергеу бөлімшелерінің ардагерлері де назардан тыс қалмады, оларға облыс ПД бастығы Абай Жусупов алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бұдан басқа, ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың құқықтарымен №3 қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің орынбасары Жақсыгелді Сағиевке мерзімінен бұрын полиция майоры атағы берілді, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен бір қызметкер, ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен бір қызметкер, ҚР ІІМ-нің грамотасымен – 2, алғыс хаттармен – 3 қызметкер марапатталды, 3 қызметкерге алғыс жарияланды.

Кәсіби мереке қарсаңында тергеу бөлімшелері арасында шағын футболдан турнир өтіп, бірінші орынды Ақтөбе қаласы ПБ №3 қалалық полиция бөлімінің командасы иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру