Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ресейлік есептегі автокөліктерді ұрлаған ағайындылар ұсталды

Ақтөбеде ресейлік есептегі автокөліктерді ұрлаған ағайындылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Ақтөбе аумағында ресейлік автокөліктерді ұрлау оқиғалары жиілеп кетті.

13 мамырда 8 наурыз көшесіндегі үйдің ауласынан ресей есебіндегі ВАЗ 2115 автокөлік ұрланды.
Екі күннен кейін Қонаев көшесіндегі үйдің ауласынан 49 жастағы ақтөбелікке тиесілі ресейлік нөмірлі ВАЗ 2114 автокөлігін айдап кеткен.

Аталған қылмыстарды ашу үшін арнайы топ құрылды, олар 27 мамырда кезекті ВАЗ 2114 автокөлігін айдап әкеткеннен кейін жалдамалы пәтерде бірге тұратын 26 жастағы екі күдіктіні ұстады.

Алдын ала тергеу барысында олардың бірінші ұрлаған автокөлігін Құрмыш ауданынан тапты, ал екіншісін бөлшектеп сатуға тапсырған, ал үшінші автокөлігін ұрлауға әрекет жасаған кезде полиция қызметкерлері оларды ұстады.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғалардың Ақтөбе қаласында осындай фактілерді жасауға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру