Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акция өтті

Ақтөбеде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акция өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық “Заң және Тәртіп” концепциясы аясында Ақтөбе қаласында жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кең ауқымды “Нашақорлықсыз Қазақстан” атты алдын алу акциясы өтті.

Іс-шара аясында мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен жарқын флешмоб ұйымдастырылды. Сонымен қатар бастауыш және орта буын оқушылары арасында асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Балалар өз шығармашылығы арқылы нашақорлық мәселесіне көзқарастарын білдіріп, денсаулықтың, сананың тазалығы мен спорттың маңызын суреттері арқылы көрсетті.

Акцияға СПИД орталығының, СӨС (салауатты өмір салты) қалыптастыру орталығының мамандары, медицина қызметкерлері, мектеп оқушылары мен қоғам белсенділері қатысты. Олар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратып, есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары туралы айтып берді.

Көпшіліктің ерекше қызығушылығын қызметтік иттердің көрсетілімдері тудырды. Арнайы үйретілген иттер тыйым салынған заттарды іздеу дағдыларын көрсетті. Полиция қызметкерлері қатысушыларға кинология қызметінің жұмысымен таныстырып, нашақорлықпен күрестегі құқық қорғау органдарының рөлі туралы айтты.

Акция соңында полиция қызметкерлері барлық қатысушыларға арналған шағын мереке ұйымдастырды: балмұздақ таратылып, музыкалық бағдарлама мен балаларға арналған ойындар өткізілді.

Шара жылы әрі жағымды атмосферада өтіп, әртүрлі ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің күш-жігерін біріктіре отырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың салауатты болашағы үшін күрестегі маңыздылығын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру