Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандар жылжымалы кітап көрмесін тамашалады

Ақтөбеде тергеу изоляторындағы жазасын өтеушілер жылжымалы кітап көрмесін тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған «Көк байрақты құт мекенім!» жылжымалы кітап көрмесін тамашалады.

Кең көлемді жылжымалы кітап көрмесінің мақсаты – сотталғандарды еліміздің тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінге дейін жүріп өткен жолдары, осы жолда атқарылған қажырлы еңбектер және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен таныстыру.

Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы және халықаралық қатынастардың дамуына шолу жасаған кітапхана маманы Г. Бейсова еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне тоқталып, қазақ тіліндегі әдебиеттермен таныстырса, аталмыш бөлімнің кітапханашысы Р. Суюнова орыс тіліндегі әдиебеттерге библиографиялық шолу жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру