Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде студент ойын приставкасын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Ақтөбеде студент ойын приставкасын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қарашада белгісіз жас жігіт Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан ойын клубының кабинасына кіріп, Sony Play Station 4 ойын пристивкасын, бірнеше ойын дискілері мен джойстиктерді жасырын ұрлап кеткен. Кәсіпкерге келтірілген залал сомасы 247 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 17 жастағы жігітті «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Жасөспірім өз кінәсін мойындады. Өңірдегі жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент жігіт ұрланған ақшаны сол күні жақын жерде орналасқан ломбардқа 60 мың теңгеге тапсырып, ақшаны жұмсап жібергені анықталды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жігіт ата-анасына тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру