Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде «Студент» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ақтөбеде «Студент» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылы басталуына орай, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, колледж және орта мектептердің қабырғаларында кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамда теріс пікір тудыратын түрлі заңға қайшы әрекеттерге дер кезінде тосқауыл қою мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ Жергілікті полиция қызмет басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28-і мен қазан айының 2-сі күндері аралығында облыс көлемінде «Студент» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында облыс көлемінде заңды өкілдерінсіз жалдамалы пәтерлерде, тума-туыстарында және колледж жатақханаларында тұрып жаткан кәмелетке толмағандарды тұрғылықты мекен-жайларын тексеріп, тұрмыстық жағдайларын зерттеу жұргізілуде.

Полиция департаменті ата-аналардан бала тәрбиесіне назар аударуды, баланың не істеп жатқанын білуді және оқу кезінде және бос уақытында балаларды үнемі бақылауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру