Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде су жағасында 760 құқық бұзушылық анықталды

«Таза Қазақстан» республикалық алдын алу іс-шарасы аясында Ақтөбе облысының су жағажайларында бойындағы рейдтер нәтижесінде полиция қызметкерлері 760 бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 шілде мен 30 тамыз аралығында облыс аумағында экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, соның ішінде облыс су жағажайларында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін полиция қызметкерлерімен қатар, экология департаментінің, ТЖД және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен бірге мобильді топтар құрылды.

25 шілдеден бастап полицейлер 140-тан астам рейд жүргізді, оның барысында су жағажайларында қауіпсіздікті сақтау ережелері туралы жадынамалар таратылды, сондай-ақ 760 құқық бұзушылық фактісі анықталды, оның ішінде екі қылмыстық және 758 әкімшілік іс қозғалды.

Атап айтқанда, ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 257 әкімшілік іс, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін – 233, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 89, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін – 100 – ден астам, белгіленген орындардан тыс сауда жасағаны үшін – 11 іс қозғалды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ақтөбеліктермен су жағажайларында қауіпсіздікті сақтауды, табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу, санитарлық ережелер мен өрт қауіпсіздігін сақтау туралы профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру