Ақтөбеде танысына көмектеспек болған студент алаяқтың құрбаны болды
Ақтөбеде танысына көмектеспек болған студент алаяқтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласы полиция басқармасының тергеушісі телефон ұрлығына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында алаяқтық фактісін анықтады.
28 жастағы күдікті Whatsapp қосымшасы арқылы бұрын ұрланған телефонды пайдаланып, иесінің атынан емделуге ақша керек екендігі туралы хабарлама жібергені анықталды. Осы телефон иесінің жанашыр танысы, 19 жастағы студент материалдық көмек түрінде 15 мың теңге жіберіп, алданып қалған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.