Ақтөбеде топтасып бұзақылық жасаған күдіктілер қамауға алынды
Ақтөбеде топтасып бұзақылық жасаған күдіктілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айында Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері маргиналды орта өкілдеріне қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласының екі тұрғынын ұстады.
Жедел ақпаратқа сәйкес ер адамдар Ақтөбе қаласының жастары арасында криминалдық бедел қалыптастыру мақсатында құқыққа қайшы әрекеттер жасаумен айналысқан.
6 ақпанда олар түнгі мезгілде Ақтөбе қаласында орналасқан ойын клубтарының бірінде келушіге газ баллонын қолданып, дене жарақаттарын келтірген. Сонымен қатар осы мекеменің мүлкіне залал келтіріп, ойын автоматтарының мониторларын сындырған.
Күдіктілер бұрын сотталғанына қарамастан, өздеріне қажетті қорытынды жасамай, заңсыз әрекеттер жасауын жалғастырған. Бұзақылық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
