Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі сотталғандар интеллектуалдық сайысқа түсті
Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі сотталғандар интеллектуалдық сайысқа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімі қызметкерлері және мекеме жанындағы кешкі (ауысымдағы) ЖББ мектеп мұғалімдерінің бірлесіп ұйымдастыруымен мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында “Мықты болсаң, озып көр!» интеллектуалдық сайысы өтті.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сайыстың мақсаты – жазасын өтеуші азаматтарды Отанды, елді, жерді сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Сайысқа әділ қазылар алқасы ретінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы тобының бас маманы Руслан Тулегенов, №8 түзеу мекемесінің әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Сандибек Дюзембаев және мекеме жанындағы кешкі (ауысымдағы) ЖББ мектеп директоры Шамшат Жубай тағайындалды.
Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан жазасын өтеушілер марапатталып, олардың арасында сотталған Е. есімді азамат “Дарынды жігіт” номинациясын жеңіп алса, сотталған Н. “Алғыр жігіт”, ал Е. есімді сотталған «Өнерлі жігіт” номинациясына ие болды.