Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтаудың 15 фактісі анықталды

Ақтөбеде тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтаудың 15 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету, қоғамдық орындар мен көшелерде қылмысқа жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 20-24 наурыз аралығында Ақтөбе облысында Ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына көшті.

Жоғарыда көрсетілген кезеңде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 40 қылмысты ашты.

Жұмылдырылған полиция қызметкерлері тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтаудың 15 фактісін анықтады: оның ішінде 12 факті суық қаруды алып жүру.

Барлығы 2520 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: оның ішінде 174 ұсақ бұзақылық, мас күйінде автокөлікті басқарудың 22 фактісі, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 184 және қарсы жолаққа шығу – 12.

Азаматтардың жаппай жиналуына байланысты қоғамдық орындар мен көшелерде (алаңдар, саябақтар мен көшелер және т.б.) мерекелік іс-шараларды өткізуді шектеу бойынша шаралар қабылданды.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қала тұрғындары мен ойын-сауық орындарының әкімшілеріне шектеу іс-шараларын өткізуге байланысты барлық ойын-сауық орындары түнде сағат 00.00 жабылуы тиіс екенін еске саламыз. Болмаған жағдайда, әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру