Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жоғалған 16 жастағы жасөспірімді полицейлер тапты

Ақтөбеде жоғалған 16 жастағы жасөспірімді полицейлер тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Ақтөбе қаласы ПБ №4 қалалық полиция бөліміне Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны жүгінді.

Анасы 2005 жылғы студент ұлы бірге тұратын туысқандарының үйіне келген болатын.

Оқу үлгерімі туралы сөз болған уақытта, анасы мен баласының арасында түсініспеушілік пайда болып, бала үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Дереу жедел-іздестіру тобы құрылып, кәмелетке толмаған баланы іздеуге кірісті.

Келесі күні жасөспірімнің Байғанин ауданындағы атасының үйінде болғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру