Ақтөбеде ұры көліктің терезесін сындырып, 1 млн теңгенің заттарын алып кетті
Ақтөбеде ұры көліктің терезесін сындырып, бір миллион теңгенің заттарын алып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 29 маусымда қала тұрғыны ұрлық туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу Volkswagen Polo маркалы автокөлігінің жолаушылар жағындағы артқы есіктің әйнегін сындырып, салонға кіріп, жеке куәлігі мен ақша салынған әйелдер сөмкесін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген залал бір миллион теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қылмыскердің жеке басын анықтауда.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті автокөлік салонында құнды заттарды қалдырмауға, қырағы болуға кеңес береді. Автокөліктің есігін құлыппен жауып, дабылмен жабдықтаңыз. Егер сіз осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.