Ақтөбеде үш көліктің қатысуымен болған жол апатынан жасқа толмаған нәресте көз жұмды
Ақтөбеде үш көліктің қатысуымен болған жол апатынан жасқа толмаған нәресте көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қыркүйекте “Лада Приора” автокөлігінің жүргізушісі Нокин даңғылымен жүріп келе жатып, қозғалыс бағытын өзгертпей, тура бағытта келе жатқан көлік құралына жол бермей, “Daimler Chrysler 1117″ автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Соқтығысу салдарынан “Лада приора” автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, артынша “ГАЗель” автокөлігімен соқтығысқан. Ол соққыдан қозғалыс бағытын өзгертіп, “Ваз 2115” автокөлігіне соққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Лада приора” автокөлігінің 2021 жылы туған кішкентай жолаушысы Ақтөбе қаласындағы Орталық балалар ауруханасына жатқызылды, кейін есін жимай қайтыс болды, екінші жолаушы 23 жастағы қыз Ақтөбе қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды. ЖКО фактісібойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жол-көлік оқиғаларын талдауға сәйкес, жыл басынан бері облыс жолдарында 384 ЖКО тіркелді, онда 70 адам қаза тапты, 508 адам жарақат алды.
– Жүргізушілердің кінәсінен жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жазықсыз адамдардың оқиға салдарынан қайтыс болғаны немесе жарақат алғаны өкінішті жағдай. Жолдардағы апаттардың алдын алу облыс полициясының басты міндеті болып қала береді. Жол қозғалысын күнделікті қадағалау және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында рейдтік іс–шаралар жүргізілуде, – деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.