Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде үздік полицейлер марапатталып, кезекті шендерін алды

Ақтөбеде үздік полицейлер марапатталып, кезекті шендерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 77 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шара алдында ПД бастығы Абай Жусупов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин және ІІО ардагерлері қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Одан соң ПД бастығы Абай Жусупов салтанатты түрде қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген полиция қызметкерлеріне ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атынан медаль мен грамоталарды табыстап, мерекемен құттықтады.

ҚР ІІМ бұйрығымен бір полиция қызметкеріне «полиция полковнигі» шені, Ақтөбе қаласы ПБ жергілікті  полиция бөлімшесінің бастығы Жаслан Жексенбаевке «полиция подполковнигі», Ақтөбе қаласы ПБ №3 қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары  Жаксыкелді Сагиевке «полиция майоры» шені берілді.

Сондай-ақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен үш қызметкер, бірінші дәрежедегі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен үш қызметкер марапатталды. Үш қызметкерге ІІМ құрмет грамотасы, екі қызметкерге ІІМ грамотасы табысталды. Шалқар ауданы ПБ кезекші бөлімінің көмекшісіне ІІМ алғыс хаты берілді, үш қызметкерге алғыс жарияланды.

Сонымен қатар, ПД бастығының бұйрығымен 12 жас полиция қызметкеріне «полиция лейтенанты» шені берілді.

– Қай дәуірде болсын Отанды қорғау – әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке – батырлық пен қайсар мінездің, туған жерге деген адал қызмет етудің белгісі. Біздің болашақ ұрпақ Отан қорғаушылардың ерлік істерін ұмытпауы керек. Ұлы Жеңістің ардагерлерін, жауынгерлерді, Отанын әркез қорғауға дайын азаматтарды шын жүректен мерекемен құттықтаймын, – деді Абай Жусупов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру