Ақтөбеде үздік жасақ бастығы мен үздік пенитенциарлық психолог анықталды
Ақтөбеде үздік жасақ бастығы мен үздік пенитенциарлық психолог анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жасақ бастықтары және психолог мамандары арасында “Үздік жасақ бастығы және үздік пенитенциарлық психолог” конкурсы өтті.
Моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, қызмет тиімділігін ынталандыру, кәсіби дайындықты жетілдіру, сотталғандармен тәрбие жұмысының сапасын арттыру және жаңа нысандар мен әдістерді енгізуді мақсат еткен облыстық конкурсқа Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №70, №8 және №9 мекемелерінің тәрбие қызметтерінің қызметкерлері қатысты. Олар өздерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуі және практикада шебер қолдануы, қызметтік құжаттаманы жүргізу және арнайы контингентпен жұмыс істеу барысында жаңа нысандар мен әдіс жұмыстарын, қызметтік міндеттерді сауатты жоспарлауы және орындауы, қызметтік уақытты ұтымды, тиімді пайдалану, сондай-ақ қызметте ахуалдық тапсырманы белгіленген уақытта шеше білу бойынша жұмыстарын көрсетіп, қорғады.
Конкурс барысында жасақ бастықтары және психологтар байқауға қатысушылардың біліктілік деңгейін анықтауға қазылық еткен облыстық ҚАЖ департаментінің бөлім бастықтары, ҚАЖ ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық байқау комиссиясы мүшелеріне 4 кезең бойынша өздерінің сәлемдесулерін, дайындаған бейнероликтерін, кәсіби даярлықтарын, құжаттамаларын және арнайы контингентпен жұмыс істеу барысында жаңа нысандар мен әдіс жұмыстарын көрсетті.
– Байқау қорытындысына сәйкес жалпы балдық көрсеткіші нәтижесі бойынша “Үздік жасақ бастығы” номинациясын №9 мекемесінің сотталғандар арсындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Азамат Ұзақбаев иеленсе, “Үздік пенитенциарлық психолог” номинациясын №70 мекемесінің психологі Фаридаға Куписова жеңіп алды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы тобының бас маманы Руслан Тулегенов.
Жүлделі орындарға ие болған конкурсқа қатысушылар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамоталарымен марапатталды.