Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті

Ақтөбеде ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жеті жасар баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамызда ВАЗ 2114 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі Бөгенбай батыр даңғылымен жаяу жүргіншілер бағдаршамында «Болашақ» аялдамасына қарама-қарсы, реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіге жол бермей, қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті жасар бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

– Жүргізушілер жол жүру ережелерін жиі бұзады, көбінесе жолда келе жатқан мектеп жасына дейінгі балаларды байқамай, қағып кетіп жатады. Жаяу жүргінші-балалар жолды дұрыс кесіп өтседе, соңғы уақытта жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Балалар үшін көшелер мен жолдар әрқашан қауіпті, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Ағымдағы жылдың жеті айында Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 33 ЖКО орын алды, оның ішінде кәмелетке толмаған 37 бала жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру