Ақтөбеде велосипед ұрлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Ақтөбеде велосипед ұрлығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Орталық базарда телефон сатушысының құбырға бекітіп қойған Strim спорттық велосипеді ұрланған. Жәбірленушінің айтуынша, ол велосипедін бірнеше минутқа қалдырып кеткен, ал қайтып келгенде қос дөңгелекті көлігін таппай, полицияға арызданған.
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Жас жігіт қылмысын мойындады. Велосипед иесіне қайтарылды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.